Ресми

Нұралықтар бір кісідей атсалысуда

Нұра ауданының тұрғындары өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскелеріне ағылуда. Олар өз белсенділіктерімен басқа өңірлерге үлгі көрсетуде. Аудан аймағындағы кенттер мен елдімекендерде сайлау учаскелері талапқа сай ұйымдастырылып, жұртшылықтың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

– Маңызды әрі тарихи сәт. Бүгін еліміздің болашағы, оның өркендеуі мен дамуы үшін дауыс береміз. Барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтіп жатқан сайлауға келушілердің легі қарқынды. Баршаңызды сайлау учаскелеріне барып, дауыстарыңызды өз кандидаттарыңызға беруге шақырамын, – деп жазды аудан әкімі Аян Шалмағамбетов фейсбук парақшасында.

Ауданның егде және орта жастағы тұрғындарымен қатар, жастар қауымы да сайлау науқанына бей-жай қарамай, кәмелетке толғандары келіп, дауыс беруде. Оны суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеп, қатарластарына сайлауға қатысуға шақыруда.

Жәлел ШАЛҚАР.

 

Басқа материалдар

Back to top button