Жаңалықтар

Қарағандылық дәрігерлер омыртқа жарығын жаңа технологиямен емдейді

Қарағанды облыстық Х. Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығында трансфораминалды эндоскопиялық хирургия технологиясын енгізу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Заманауи емдеу түрін үйрету үшін Қарағандыға Қытай мен Новосібірден білікті мамандар шақырылған. Жоғары санатты нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, НТОҒЗИ-нің аға ғылыми қызметкері Сергей Мишинов және Тангду ауруханасының профессоры Ван Пенг (халықтық-азаттық армиясының әскери-әуе күштері әскери-медициналық университетінің ауруханасы, нейрохирургия бөлімі) жергілікті дәрігерлерге кеңес береді.

Бел омыртқасындағы омыртқааралық жарық басқаларға қарағанда жиі кездеседі. Ол прогрессивті остеохондроздан немесе арқа жарақатына байланысты пайда болады.

Омыртқадағы жарықты емдеудің хирургиялық әдістерін консервативті терапияның тиімсіздігі және жұлынның асқынуы байқалғанда қолданады. Трансформальды эндоскопиялық омыртқа хирургиясы бел омыртқасының жарығы (бөлінген жарықтар, омыртқааралық дискінің экструзиясы және протузасы), стеноз және арқаның ауырсынуы сияқты операцияларға мүмкіндік береді. Бұл әдіс жұмсақ тіндердің жарақаттануын азайтып, жүйке құрылымдарына зақым келтірмейді және ауруханада болу ұзақтығы қысқарады.

 

Басқа материалдар

Back to top button