БілімЖаңалықтарҚарағанды

«Назарбаев Университеті – жоғары білімнің флагманы»

Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Ерасыл Қадыржанов – «Алтын белгі» иегері. Мектеп бітіруші болашақта ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеуді жоспарлағандықтан, Назарбаев Университетіндегі «Компьютерлік ғылымдар» мамандығын таңдапты.

Университетті таңдаудың маңызды тұсы – оқыту сапасы екенін ескерген Ерасыл, Назарбаев университеті – қазақстандық жоғары білім берудің флагманы бола отырып, барлық заманауи халықаралық талаптарға сай келетінін айтады. Сондай-ақ, аталған мамандыққа ұмтылуы – алғаш компьютер сатып алған кезден басталған.

–Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алған оқушыларға мүмкіндік көп. Оларға академиялық тәжірибесі бар сарапшы-мұғалімдер тәлім береді. Бірге жұмыс істеп, жиі олимпиадаларға қатысады. Тек, Қарағандыда ғана емес, сонымен қатар, басқа қалаларда да іс-шараларға атсалыса отырып, оқушылар қауымдастығының дамуына белсенді үлес қосады, – дейді Ерасыл.

Ерасылдың арманы – Назарбаев Университетін тәмамдап, Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істеу. Сондай-ақ, қызмет барысында киберқауіпсіздік бойынша магистрлік дәреже алу.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button