Коронавирус

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың 7 жағдайы тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Теміртау қаласында науқас жұқтырудың қауіпті тобына скрининг жүргізу барысында 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 

Сондай-ақ, Қарағанды қаласында 1987 жылғы ер адамнан және Абай қаласында 1993 жылғы ер адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар бұған дейін карантинге жатқызылған болатын. Облыста вирус жұқтырғандардың жалпы саны 168 адамға жетті. Оның ішінде 3 адам қайтыс болып,  79 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button