Шет

Ақсақалдың айтқанын ескереміз…

Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің 2022 жылдың 13 қазан №114 (23 144) басылымында жарық көрген жергілікті жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Өмір Кәріптің «Көшелерінің аты көрінбейтін кент» атты мақаласына төмендегідей жауап беріледі.

 

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш өз орнына қойылмаған деген жазушы ойына, спорт мектебі мен балабақша мекемелерінің арасы ашық алаң болғандықтан және жасөспірім балаларға өткен тарихты насихаттау мақсатында қуғын-сүргін құрбандарына арналған өзіндік идеялық мазмұны бар ескерткіштің қазіргі тұрған жері комиссия шешімімен лайықты орын деп танылып, Ақадырдың 80 жылдығында, яғни 2017 жылы ашылған болатын. Бүгінгі таңда ол жерде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қаралы митинг өтіп, онда зұлмат жылдары көз жұмған қазақ зиялылары еске алынып, Құран бағышталады.

Кенттегі Клубная көшесіне аудандық мәслихаттың 07.07.2005 жылғы №18/262 шешіміне сәйкес аудандық атқару комитетінің І хатшысы И.Колбасиннің аты беріліп, қайта аталған болатын. Алайда, аталған көшеге балалар ойын алаңын кент әкімдігі емес, 2017 жылы демеушілік негізінде «Электржабдықтау» ЖШС директоры Амандық Серіков кенттің 80 жылдығына орай салып беріп, көше балаларын қуантқан болатын. Аталған көшені жазушы жазғандай жоғары талапқа сай абаттандырып, гүлмен көмкеріп отырған сол көшенің тұрғындары. Кент әкімдігі кенттегі барлық 61 көшеге бірдей қарайды. Алайда, көшенің жағдайы (тазалығы, қоршаулардың сырлануы, талдарының әктелуі және т.б.) көбіне көше тұрғындарына да байланысты.

Ақадыр кентіндегі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Өмір Кәріп ақсақалдың үшінші көтерген мәселесі көшелерге аншлагтар қою бойынша 2017 жылы кент әкімінің шешімі негізінде кенттегі идеологиялық тұрғыдан ескірген 23 көше атауы қайта аталып, барлығына қазақша атау берілген болатын. Барлық 23 көше Әділет департаментінде тіркелді. Осы жылы тағы екі басқа ұлт өкілдерінің атымен аталған көшелер Таңыбай батыр және М.Аманжолов көшелері болып қайта аталды. Аталған екі көшенің ұрпақтары сол көшедегі барлық үйлерге жаңадан аншлагты өз демеушіліктерімен жасап ілген болатын. Қазіргі таңда ауданға бюджеттік өтінім берілді. Жыл соңына дейін үнемделген қаржы анықталып, кенттегі 9 көшенің атаулары жаңартылып ілінетін болады. Ақсақал атап өткен белгілі тұлғалар есімі берілген көшелерге аншлаг ілу бірінші кезекке қойылды. Көше атауы жазылған тақтайша ілу азғантай, кент ішінде шеше салатын жұмыс секілді көрінгенімен қазіргі талапқа сай жасатып, ілу үшін алдымен қаражат, сосын мемлекеттік сатып алу арқылы ойнатып, кейін жеңімпазы анықталған соң тиісті жұмыстар жасалатынын айтқымыз келеді.

Ақадыр кентінің әкімдігі

Басқа материалдар

Back to top button