Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау»: Балаларға қуаныш сыйлаймыз

Биыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Балалар мен жасөспірімдер орталығы (БЖО) өзінің жиырма жетінші туған күнін атап өтті. Тіпті, карантиндік шаралар мерекенің өтуіне кедергі жасай алмады. Шара қашықтан өткізілгеніне қарамастан, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Орталық тарихында алғаш рет мереке қашықтан өтті. Пандемия әкелген қиындықтарға қарамастан, студия басшыларының, түлектердің, ата-аналар қауымдастығының ақжарма тілектері тәрбиеленушілердің мерейін үстем етті. Түлектердің құттықтаулары педагогтер арасында ерекше әсер қалдырды. Ресей, Беларуссия, Чехия, АҚШ-та тұратын орталықтың бұрынғы тәрбиеленушілері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ БЖО педагогтардың кәсіби командасының балалармен жұмыс істеудегі ерекше қабілетін, компанияның қолдауын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, қашықтан оқыту форматына қарамастан, металлургтердің балалары үшін білім алу қашанда маңызды болып қала беретінін айтты.

– Біздің студияларымыз қашықтан оқыту форматындағы білім беру жүйесіне белсенді қатысады. Қашықтан өтетін қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарге жиі қатысады. Балалармен бірге біз жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз,– дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ БЖО басшысы Ольга Кисличенко.

Әрине, балалар-жасөспірімдер орталығының туған күнін мерекелеу қарсаңында орталық жұмысының бастауында тұрған адамдарды және оның қалай басталғанын айта кеткен жөн.

Ғимарат 1-ші шағын ауданда металлургиялық комбинат қызметкерлеріне арналған тұрғын үй текшесінің құрылысы жүріп жатқан кезде пайда болды. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша сол жерде 100 балаға есептелген аула клубы (қазіргі таңда БЖО) салынды. Бұл Қарағанды металлургия комбинатының бас директоры Александр Свичинскийдің жобасы еді. Ғимарат құрылысы 1992 жылы аяқталды. Цех бастығы Евгений Колонюк орталықтың ашылуы үшін көп жұмыс жасады. Кейінірек БЖО барлық металлургиялық комбинат қызметкерлерінің балаларына қолжетімді болып, Ольга Кисличенко директор лауазымына тағайындалды.

– Орталықта біртіндеп кабинеттер аштық. «АрселорМиттал Теміртау»: Қазір олар студияларға айналды. Біз аула клубы үшін бұл аздық ететінін түсіндік. Сондықтан, оны «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» деп атадық. Студиялар құрылып, балаларды қабылдай бастады, – дейді Ольга Кисличенко.

Орталықтың туған күніне орай, тәрбиеленушілер түрлі құттықтау ашық хаттарын жасады. Мысалы, «Модельдеу» студиясының жетекшісі Ирина Шефер балаларға арналған бейне оқулық жазып, жаңа техникадағы құттықтау карталарын дайындады.

– Өз қолымызбен жасалған қолөнер балалар үшін жақсы сыйлық болады деп шештік. Балалар суреттері арқылы қиялға ерік беріп, шығармашылық дамуын көрсетті. Жіберілген жұмыстардан орталыққа арнап әдемі бейнеролик жасадық, – дейді «Модельдеу» студиясының жетекшісі Ирина Шефер.

«Коллаж» бейнелеу өнері студиясының тәрбиеленушілері де орталықты туған күнімен құттықтауға белсенді атсалысты.

– Студияда мереке айналасында ерекше көңіл-күй болды. Балалар ашық хаттар салып, орталықтың мәртебесін ерекше атап өтуге тырысты. Біздің зауыт бейнеленген торттардың суретін салып, оларға «АрселорМиттал Теміртау», «27 жыл» секілді жазулар жазды. Олар осылайша, ата-аналарының металлургия комбинатында жұмыс істейтіндерін мақтан тұтатынын көрсетті, – дейді «Коллаж» студиясының басшысы Татьяна Бурова.

Орталықтағы тағы бір атап өтерлік оқытушы – Елена Кузнецова 26 жыл жұмыс істейді. «Компьютерлік графика» студиясының жетекшісі бастапқыда компьютерлік ойындар студиясы болғанын айтты. Біраз уақыттан кейін заманауи компьютерлердің пайда болуымен студия жетекшісі графикамен жұмыс істеуді, содан кейін қазіргі заманғы графикалық редакторларда жұмыс істеуді ұсынған. Сонымен, «Компьютерлік ойындар» студиясынан «компьютерлік графика» студиясына ауысқан. Елена Кузнецованың тәрбиеленушілері де БЖО-ны туған күнімен құттықтапты.

– Бізде мәтін жасау тақырыбы болды. Әріптерден құрастырып «Туған күніңмен» деген жазу жаздық. Балалар көшеде бетперде тағып, орталықты туған күнімен құттықтады, – дейді «Компьютерлік графика» студиясының жетекшісі Елена Кузнецова.

Орталық қызметкері Ирина Петрик «Дарын» қолөнер әуесқойлары клубының жетекшісі. Тәрбиеленушілері жетекшімен бірге қойылымдарға костюмдер тігеді. Қазір түрлі материалдарға қолжетімді екенін, қағазды, матаны, киізді, бояуларды, аппликацияны, теріні қысу техникасын қолданатын балалар жұмыстың қызықты екенін айтады.

Балалар мен жасөспірімдер орталығы осылайша туған күндерін ерекше атап өтіпті. Қашықтан оқытуға қарамастан, олар жетістікке жету жолында ізденуден жалықпайды екен. «Өйткені, ата-аналарымыз балаларымен дос болып, оларды қолдауда үлкен шыдамдылық танытады. Жаңа идеяларын өзін-өзі дамытуға және ең жақсысына ұмтылуға жұмсайды» дейді Ольга Кисличенко.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button