Коронавирус

Жаңа көлікпен толықты

Облыстың көлік инспекциясының автопаркі екі жаңа машинамен толықты. Автокөлік сатып алуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жылжымалы бекеттер үлкен жүк ағыны байқалатын бағыттардағы автожолдарда жұмыс істейді.

Машиналар көліктік бақылау жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Жүк көлік құралдарын өлшеуге арналған жылжымалы таразылар мен жабдықтар бар. Бақылаушылар орнында жүк көліктерінің жүктемесі мөлшерден асырылған немесе аспағанын анықтай алады.

Автомобильдің төбесінде және салонының ішінде бейнекамералар орнатылған, олардың бейнесі онлайн режимінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ахуалдық орталығына беріледі. Кез келген адам инспекторлардың жұмысын бақылай алады.

Мобильді бекеттер көліктік бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жөнделіп жатқан жолдарды сақтау үшін қажет. Бүгінде облыста автотрассалардың 80%-дан астамы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Бұл көрсеткіш жоғарылап, жолдарды жөндеу ауқымы жылдан жылға артып келеді.

Бекеттердің бірі Жезқазған өңірінде орналасады. Екінші жылжымалы бекет Қарағанды қаласы, Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров, Шет және Қарқаралы аудандарының жолдарында жұмыс істейді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button