Бокстан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атады. Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Ortalyq.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, Белградта өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль (2/2/1) иеленген болатын. Сербия астанасындағы жаһан біріншілігінің 3 бірдей финалисі (әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, күміс жүлдегерлер – Махмұд Сабырхан мен Серік Темиржанов) Ташкент шаршы алаңында өнер көрсетеді.
Ташкентте өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы:
48 келі салмақта – Санжар Тәшкенбай,
51 келі келі салмақта – Сәкен Бибосынов,
54 келі келі салмақта – Махмұд Сабырхан,
57 келі келі салмақта – Серік Теміржанов,
60 келі келі салмақта – Талғат Сырымбетов,
63,5 келі келі салмақта – Санатәлі Төлтаев,
67 келі келі салмақта – Дулат Бекбаев,
71 келі келі салмақта – Асланбек Шымбергенов,
75 келі келі салмақта – Нұрқанат Райыс,
80 келі келі салмақта – Нұрбек Оралбай,
86 келі келі салмақта – Сағындық Тоғанбай,
92 келі келі салмақта – Айбек Оралбай,
+92 келі келі салмақта – Қамшыбек Қоңқабаев,
Әлем чемпионатының басталуына тура бір апта қалды. Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысады деп отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 13 салмақ дәрежесі бойынша анықталады.