"Білгенге маржан"
Тағай
Газетіміздің 12 қыркүйек күнгі №99 (22 840) санындағы сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған Қарағанды қаласының тұрғыны Мақсат МҰЗДЫБАЙ.
Ұзан
«Ұзан сөзі – көне түркі-қыпшақ тілінде ақын, жыршы, өнерпаз деген мағынаны білдіреді. Бұл түркі халықтарының өмірінде ақын-жыршылардың орны бөлек болғанын көрсетеді. Жорықта жыр-дастандарды таңды-таңға ұра жырлап, жауынгерлер рухын қамшылаған. Алдаспан рухты туындылары елдің сұранысына ие болған. Халық бұл өнер иелеріне зор құрметпен қараған» делінген хатта.
Келесі сауалымызға назар аударыңыз.
«Тағай» дегеніміз не?
Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.