Жаңалықтар

Кәсіби бағдарлау орталығы ашылды

№ 2 Оқушылар сарайында Кәсіби орталық құрылды. Қарағандылық жоғары сынып оқушылары педагогтардан, психологтардан, сондай-ақ колледждер мен ЖОО өкілдерінен кеңес ала алады.Кәсіби орталық Оқушылар сарайының астыңғы қабатында орналасқан. Балалар мұнда оқытушылармен, психологтармен және әртүрлі мамандықтар өкілдерімен еркін араласпақ. Орталық олардың біліктері мен тілектеріне қарай болашақ мамандығын анықтауға мүмкіндік береді.

– Біздің орталықтың міндеті – оқушыларға еңбек нарығындағы ең қажетті және жаңа мамандықтар туралы ақпарат беру. Біздің алаңда жоғары оқу орындары мен колледждер мамандықтары мен оқуға түсу шарттары туралы кездесулер өткізе алады. Сондай-ақ, балаларды ынталандыратын табысты адамдармен кездесулер ұйымдастырылады, – деді № 2 Оқушылар сарайының директоры Салтанат Мұқышева.

Сондай-ақ, Кәсіби орталықта болашақ мамандық бойынша өзін-өзі анықтау үшін тест тапсыруға мүмкіндік бар. Аталмыш тестті тапсырып, оқушылар болашақ мамандығын анықтап қана қоймай, ол үшін қандай пәндерде білімін жетілдіру керектігінен мағлұмат алады. Сонымен қатар, орталық базасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек көрсетіледі.

– Әрбір оқу орнына 10-нан 15 күнге дейінгі уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында ол көрмелер, оқытушылардың, белсенді студенттердің тұрақты жұмысын ұйымдастырады. Жоғары сынып оқушыларымен тренингтер, іс-шаралар, конкурстар өткізеді. Біз бұл жұмысқа барлық Қарағанды мен облыс колледждерін, жоғары оқу орындарының оқушыларын тартуға ниеттіміз, – деді Салтанат Мұқышева.

Кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button