Жаңалықтар

Өнеркәсіп орындарын тексерді

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК өңір қызметкерлерінің 40%-дан астамы еңбек ететін облыстың ірі кәсіпорындарындағы жарақаттану және жұмыс жағдайлары бойынша облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Прокурорлық тексерулер барысында бес мыңнан астам бұзушылық анықталды. Оның ішінде, екі мыңнан астамы дереу жоюды талап етеді.

«Бүгінде көмір саласы еңбек жағдайлары мен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ең қауіпті болып отыр. Тек «АрселорМиттал Теміртау» шахталарында соңғы жылы 42 адам зардап шекті, 9 адам қаза тапты. Костенко, Күзембаев, «Саран» шахталарында 70-ші жылдары және одан бұрын орнатылған көтергіш қондырғылардың жағдайы ерекше алаңдатады», – деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында. Ол Теміртаудағы ЖЭО-2 жабдықтары да алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Соңғы жылдары қыс алаңмен өтуде.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы биыл жабдықтарды жаңартуға және экологиялық іс-шараларға 190 млрд. теңге бөлуге ниетті екендерін растады», – деп хабарлады облыс әкімі.

Аймақ басшысы компания басшылығынан барлық міндеттемелерді, соның ішінде, қауіпсіз өндіріс пен адамдардың еңбек жағдайын жақсартуға қаражат инвестициялау мәселелері бойынша келісімдерді орындауды талап етті.

«Мен кез-келген қызметтің ең жоғары басымдығы – адам өмірі мен денсаулығы, ал өндірістегі еңбекті қорғау жағдайы мемлекеттің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі саласында екендігіне сенімдімін», – деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button