Жаңалықтар

Аналық ілтипатпен

Қазақта «Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысар» деген аталы сөз бар. Расында, әр баланың өмірінде ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласы маңызды. Осы орайда Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Аналар кеңесі «Аналық жүрекпен» атты шара өткізді. Бұл шарада кеңес мүшелері мен волонтерлер өрт сөндіруші қызметкерлерге және Т.Бигелдинов атындағы мектеп-интернаттың жас сарбаздарына алғыс айтып, өзінің ақ тілегін жеткізді.

Аналар кеңесінің мүшелері Бибінұр Әбсадыққызы мен Эльмира Сайлауқызы халықтың сенімі мен жауапкершіліктің жүгін арқалап жүрген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне аналық жүрекпен шексіз алғыс білдіріп, дәм ұсынды. Волонтерлер ән-күй орындап, қызметкерлерге құрмет көрсетті. Сый-құрметке бөленген азаматтар ризашылығын білдіріп тарқасты.

Ал Т.Бигельдинов мектебіне барған Аналар кеңесінің мүшесі Зинаида Асачия елін қорғайтын болашақ жас сарбаздарды марапаттап, сый-сияпат табыс етті.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Back to top button