Жаңалықтар

Қала әкімі мерекемен құттықтады

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің қарулы күштері күшейіп, алынбас қамалға айналды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.

Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген сардарларымыз бен сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.

Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз.

Еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыз, сардарлар мен сарбаздар аман болсын!

Қарағанды қаласының әкімі Е. Бөлекпаев

Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

Басқа материалдар

Back to top button