Жаңалықтар

Есірткі тасымалдаушы тұтылды

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы жедел-іздестіру шаралары барысында көлік полициясы қызметкерлері 47 жастағы Жамбыл облысының тумасын ұстады. Тексеріс кезінде бұл азаматтың аса ірі, 2 кг 652 грамм көлемде Шу қаласынан Қарағандыға «марихуана» есірткісін тасымалдағаны анықталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңалбек БЕКИЕВ мәлімдеді. Оның айтуынша, қаскүнем бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған.

Жауап алу барысында ұсталған азамат 2021 жылдың жазында Шу ауданының маңында ірі көлемде «қарасора» жинағанын мойындады. Оны кептіріп, «марихуанаға» айналдырып, жерге көміп жасырған. Наурыз айының басында есірткіні Қарағанды қаласына темір жол арқылы жеткізген, – деп атап өтті департамент бастығы.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 4 бөлімі 296 бабымен («Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қарағанды қаласының тергеу сотымен ұсталған азаматқа қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – деп түйіндеді полиция генерал-майоры.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button