Жаңалықтар

«Күнгейде» – жаңа балабақша

Қарағанды қаласының «Күнгей» шағын ауданында жаңа «Disney 2» балабақшасы іске қосылды. Мұнда бір жастан алты жасқа дейінгі балалар қабылданады.

– Біздің бақша жеке меншік, бірақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 44 орын қарастырылған. Бізде үш топ бар. Бұл біздің екінші балабақшамыз. “Күнгейде” көп балалы отбасылар аз емес, бір отбасынан бізге 34 бала келеді. Аналар қауымы мемлекеттік тапсырыс бойынша орын көбейтуді сұрайды, – дейді «Disney 1» және «Disney 2» балабақшаларының директоры Болат Шәкірұлы. Оның айтуынша, жаңа мектепке дейінгі мекемеде 12 адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқан.

Бақша толық жабдықталған. Онда екі тілде оқытылады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер әр баланың жағдайына қарап, соған бейімделуге тырысады. Мұнда балалармен логопед сабақ жүргізеді. Ағылшын тілін үйретеді. Таэквондо, хореография және балаларды ерте жастан дамыту үйірмелері жұмыс істейді.

– Күнгей тұрғындары балабақша ашылғанын білгенде, қуандық. Онда мемлекеттік тапсырыс бойынша орындар бар екендігі керемет. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар үшін орын көбірек болса екен, – дейді Жайнагүл Сайкенова.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button