Жаңалықтар

Құрылысқа қажетті өнім аймақта қалай өндіріледі?

Шахтинск қаласында құрылысшыларды пенопластпен қамтамасыз ететін кәсіпорын бар. Бұл материал бүгінде ең танымал. Өйткені, пенопаост жиі қолданылатын жылытқыштардың бірі. Өнім – елімізде сұранысқа ие. Кәсіпорын басшылығы микроскопиялық түйіршіктер үлкен блок-параллелепипедке қалай айналатыны туралы баяндап, технологиялық процесті көрсетті.

– Пенопласт өндірумен айналысуды 2000-шы ойға алдым. Бұған дейін мен әртүрлі бизнесте бақ сынадым. Наубайхана, жүк тасымалдау дегендей. Бос тұрған көкөніс базасын сатып алдым. Инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіруге қаржы салдым. Сонан соң желі алдым. Өндіріс 2007 жылы іске қосылды. Бірақ, ол кезде белсенді құрылыс болған жоқ. Алғашқы екі жыл минуспен жұмыс істеуге тура келді. Біртіндеп сұраныс өсе бастады. Ал, 2010 жылы пайдаға шықтық. Жолымызда түрлі қиындықтар болғанымен, ісіміз оңға басты, – дейді жеке кәсіпкер Сергей Матюхин.

Шахтинскіде өндірілетін пенопласт жаңа ғимараттардың құрылысында пайдаланылады. Ол жылу оқшаулағыш плиталар жасау, полистирол бетонын өндіру үшін қолданылады. Мысалы, клиенттердің бірі – облыста жылы үйлер салатын үй құрылысы комбинаты. Өнім моноқаладан үлкен жүк көліктерімен республиканың басқа да өңірлеріне тасымалданады.

Көбік тақталарын тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары да сатып алады. Материал тауарларды тасымалдау кезінде ыңғайлы.

Жүктеме ұлғайған сайын бір желі жеткіліксіздік танытып, 2013 жылы екіншісі орнатылды. Өндірісті кеңейтуде кәсіпкер моноқалаларды дамыту бағдарламасының игілігін көріпті.

Жұмыс орындарының саны да артты. Кәсіпорында қазір 25-ке жуық адам еңбек етеді. Жазғы маусымда құрылыс материалдарына сұраныс күшейген кезде қосымша жұмысшылар қабылданады. Жергілікті тұрғындардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Өндірістің барлық кезеңдері көрсетілді. Шикізат агрегатқа тиелді. Процесс автоматтандырылған. Полистирол түйіршіктері көбіктеніп, көлемі ұлғаяды. Көліктен ақ түсті көбік блогы шықты. Оны мұнда орама деп атайды. Оны бірден кептіруге апарады.

Материал біраз жатуы керек. Содан кейін автоматты түрде кесуге жарамды. Оны арнайы ішекті станок жасайды. Тапсырмаға байланысты пішіндер мен өлшемдер әр түрлі болуы мүмкін. Өнімдер тұтынушыға плита немесе шар тәріздес етіп жеткізіледі.

Құрылыс индустриясында пенопласт әмбебап қасиеттерге ие. Ол жылу өткізгіштігі мен дыбыс оқшаулағыштықтан жоғары бағаланады. Сонымен қатар, берік материал.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button