Ресми

Қарағандыда жас жұбайлар сайлауда дауыс берді

Қарағандыда 59-шы мектепте орналасқан №73 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Нұрболат пен Қарлығаш Нұртай отбасын құрған күні өз таңдауын жасау маңызды деп санады.

Нұрболат өртке қарсы қызметте жұмыс істейді. Қарлығаш – үй шаруасында.

Қалыңдықтың айтуынша, ол ақ көйлекпен сайлау учаскесіне келу үшін таңғы алтыда тұрған.

Жас жұптың өмірінде бұл алғашқы сайлау емес.

– Өтініш берген кезде біз 10 қаңтарда сайлау күні болатынын білдік. Біз міндетті түрде қатысамыз деп бірге шешім қабылдадық. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Тек үздіктерге ғана үміт артамыз, – деп атап өтті Нұрболат Нұртай.

Қарағанды облысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы 778 сайлау учаскесінде өтуде. 920,4 мың сайлаушы тіркелген, оның ішінде алғаш рет дауыс беретіндер – 41 350.

Басқа материалдар

Back to top button