Ресми

Жас сайлаушыға сыйлық берілді

18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысып отырған дауыс беруші Жаннұр Қаратайға Жаңаарқа аудандық жастар ресурстық орталығының атынан сыйлық тапсырылды.

– Еліміздің барлық қала, аудан, ауылдарында тұрғындар өз қалауларымен партияларға дауыс беруде. Мен де, бүгін өмірімде алғаш рет маңызды қадам жасап, сайлау үдерісіне қатыстым. Кең байтақ жеріміздің саналы, жауапты азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысу әр азаматтың Отан алдындағы борышы деп білемін, – дейді жас сайлаушының өзі.

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button