Жаңалықтар

Отбасы – Отан тірегі

Облыстың әскери қызметшілері отбасылары арасында «Мерейлі отбасы» байқауы өтті. Онлайн түрінде өткен байқауда бағын сынап, жеңімпаз атанған отбасыларды «Астана» өңірлік қолбасшылығы марапаттады.

Байқауға әскерилердің отбасылары өздері туралы түсірген бейнероликтер ұсынды. Бейнероликтер арқылы үздік шыққандары «Көпбалалы отбасы» және «Әскери әулет» номинациялары бойынша таңдалды.

«Көпбалалы отбасы» номинациясы бойынша үздік деп танылған старшина Марғұлан Саткеев жұбайымен бірге бес ұл тәрбиелеп отыр. Кішісі – бір жаста. Ал, үлкен ұлы Әділ болса әкесінің жолын қуып, әскери мамандықты таңдаған. Құрлық әскерлері әскери институтының үздік курсанттарының бірі Әділден отбасы ғана емес, елі де үлкен үміт күтеді. Бұл отбасында болашақ спортшылар да өсіп келеді. 10 сынып оқушысы Абуахмет дзюдодан спорт шеберіне үміткер. «Жас талант» республикалық байқауының жүлдесін жеңіп алған да осы Абуахмет. Ернұр – 7 сыныпта оқыса, Ерсұлтан – 2 сыныпта. Оқуда да бәсін жібермеген екі ұланның да болашағынан үлкен үміт күтуге болады.

Ал, «Әскери әулет» номинациясын Приозерск гарнизонының әскери бөлімінде қызмет ететін майор Бауыржан Қаратаевтың отбасы иеленді.

Байқау жеңімпаздарын «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Мұрат Ағубаев құттықтады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button