Құрметті ұстаздар, қызметкерлер және білім беру саласының ардагерлері!
Қазан айының бірінші жексенбісінде біз өмірімізге бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнін атап өтеміз.
Біздің әрқайсымыздың өмірімізде білімнің нұрын сеуіп, азамат болып қалыптасуымызда үлкен із қалдырған, өзінің даналығымен, терең парасатымен бойымыздағы қарым-қабілетімізді ұштап, болашақ мамандығымызды таңдауға, өмірге жолдама алуға үлес қосқан аяулы да, ардақты ұстаздарымыз бар.
Бүгінгі күні ұстаздар қауымының білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, жас ұрпаққа адалдық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен патриотизмнің үлгісін көрсетуі аса маңызды.
Биылғы жылы сіздерге қалыптасқан жағдайларға тез бейімделіп, өз жоспарларыңызды қайта қарап, оқытудың жаңа инновациялық әдістерін іздеп, оларды енгізуге тура келді.
Білім ордаларының қазіргі заманның талабына ойдағыдай жауап бере алуы сіздердің қажыр-қайраттарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңізге тікелей байланысты.
Біз сіздерге өз істеріңізге танытқан адалдықтарыңыз бен балаларымызға білім нұрын сеуіп, олардың еліміздің атпал азаматтары болып қалыптасуына үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздер тәрбиелеген түлектер еліміздің дамуына үлес қосатын мейірімді және адал, дарынды да парасатты ел азаматтарына айналсын. Біз барлықтарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге денсаулық пен шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу тілейміз!
Жеңіс ҚАСЫМБЕК,
Қарағанды облысының әкімі.
Серік ӨТЕШОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.