Тақтадағы талас

ҚР Қорғаныс министрлігі Әскеритехникалық мектебінің базасында Қарағанды қаласының Октябрь ауданының соғыс және еңбек ардагерлерінің қатысуымен Кеңес Одағының Батыры М.Мамраев атындағы шахмат турнирі өтті. Жарыс Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.

Шара Октябрь аудандық ардагер лер кеңесінің төрағасы Марат Аймағамбетов және Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Расказимовтың құттықтау лебізімен ашылды.

Әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілерінің бірі, курсант Олжас Мазгут Николай Расказимовпен шахмат ойнау мүмкіндігіне ие болды. 94 жастағы ардагер жасөспірімді жеңіп, ұйымдастырушыларға турнирге шақырғаны үшін алғысын айтты. Жас қарсыласына сәттілік тіледі.

Нәтижесінде Асхат Әбдіғапаров I орынды иеленді, II орынды Нұрлан Шакиртканов, III орынды Хантөре Жарқын иеленді.

 Өз тілшімізден.