АймақНұра

Кент көркіне көрік қосып…

Қазақтың бас ақыны Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 жылдық мерейтойына орай Нұра ауданы орталығындағы пошта ғимаратының қабырғасына ұлы ғұламаның бейнесі бейнеленген мурал салынды.

Кент көркіне көрік қосқан композицияны Нұра кенті әкімі аппаратының қолдауымен павлодарлық аэрография студиясы жүзеге асырды.

Муралда ақынның бейнесін ғана емес, алыстан көз талдырар кең байтақ даланы, хакімнің «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген терең тәрбиелік мәнге ие өлең жолдарын байқауға болады.

Нұралықтардың көңілінен шыққан туындының ауданы 132 шаршы метрді құрайды. Аэрография студиясы бұл жұмысты орындауға бар тәжірибесін салғаны көрініп тұр.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button