Ресми

Мемлекет басшысы: “Жаңа облыстардың атауында ерекше мән бар”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде жаңа облыстардың атауында ерекше мән барын айтты.

Тоқаевтың сөзінше, жаңа облыстардың құрылуы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе.

Кезінде облыс мәртебесінен айырылған өңірлерде тұрғындар саны азайып,  тұрмыс сапасы төмендеп кеткен. Осы олқылықтың орнын толтыратын кез келді. Әкімшілік аймақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдетеді. Жұрттың облыс орталығына барып-келуін жеңілдетеді, – деді ол.

Сонымен қатар ішкі көші-қон мәселесін реттеуге септігін тигізеді. 

Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұлан ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button