Жаңалықтар

«Амал деген айыңыз…»

М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі – Көрісу күніне арналған «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты тақырыптық шара өткізілді.

Кеш Көрісу мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету мақсатын көздеді.

Іс-шара қонағы ретінде арнайы шақырылған Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, танымал қаламгер Рымтай Шөкейқызы қатысушыларға домбырада әсем ән салып, мерекелік шараны әрлендіре түсті.

Тұрақты оқырманымыз Тілеуғабыл Нұрахметов қонақтарға ақ батасын беріп, нағыз батаның қалай болатынын көрсетіп, жастардың қызығушылығын оятты. Кітапхананың кішкентай оқырманы Лунара Тойшыбекова «Менің анам – алтын» әнін, Нұрәлі Тілеуғабыл «Наурыз» өлеңін нақышына келтіріп орындады.

Наурыз тойымен қатар, кішкентай бүлдіршініміздің тұсаукесер тойы қатар келіп, тұсаукесер рәсімі көрсетілді. Кеш соңында «Наурыз тарту» кітап көрмесіне шолу жасалып, қонақтар естелікке суретке түсті.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button