Жаңалықтар

Салынып жатқан үйге де несие береді

«Баспана хит» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады» деп хабарлады Қазақстанның тұрақтылық қорының баспасөз қызметі.

Ұлттық Банк алғашқы нарықта сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құнын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 25 миллион теңгеден 35 миллионға, ал Шымкенттегі бастапқы және екінші нарықтардағы сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құны 25 миллионға, Қарағандыда 20 миллион теңгеге дейін артатынын хабарлайды.

Үлестік қатысу аясында салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі де беріледі. Бұл бағытта несиелеу ҚР “Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарлама бойынша лимиттің ұлғаюы қазірдің өзінде күшіне енген. Үлестік қатысудағы тұрғын үйді сатып алуға несие беруді бастау үшін бағдарлама операторы серіктес банктермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Несиелеудің басталғаны туралы қосымша хабарланады.

«Баспана хит» бағдарламасының шарттары бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесінің көлемі “базалық ставка + 175 базистік ұпай” формуласымен банктік заем шарты жасалған күні анықталады. Оны несие мерзімі ішінде өзгерту мүмкін емес. Бастапқы жарна – 20% -дан, несие мерзімі – 15 жылға дейін. Жаңа тұрғын үйден бөлек, “Баспана хит” көмегімен екінші нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік бар. Бұл жолы баспанаңыздың бар-жоқтығы да ескерілмейді.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button