Жаңалықтар

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері!

Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық ардагерлер кеңесі сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды!

 

 

Сіздер ХХ ғасырдың ең ауыр қасіреті – фашистік Германиямен болған сұрапыл соғыстағы бар ауыртпалықтарды көтеріп, бейбітшілік кезінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосып, бүгінде жастарды идеялық-адамгершілік тәрбиелеу жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүрсіздер.

Қазіргі қиын уақытта сіздерге мықты денсаулық тілейміз! Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, балалардың, немере мен шөберелердің болып жатқан эпидемиологиялық жағдайдың қажетті қағидаларын мүлтіксіз сақтауын талап етіңіздер.

Мереке құтты болсын, қымбатты ардагерлер!

Оралды ТӨРЕҒОЖИН,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button