Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Қазақстан Республикасында шектеу шараларының күшеюіне байланысты 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынды.
Жаңа жылдық мерекелердің күшеюіне қарамастан, санитарлық талаптардың бұзылуы орын алуда.
Сонымен қатар, бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін тұрғын үйлерді тапсыру туралы ақпарат бар, осыған байланысты тұрғын үйлердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің меншік иелеріне Қарағанды облысында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілгенін хабарлаймыз. Қоғамдық тамақтану объектілері, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын тұрғын үйлер бақылауға алынды және мониторинг топтармен тексерілетін болады.
Осындай іс-шаралар инфекцияның ықтимал ошақтары болып табылатындығын және аурудың таралу қаупіне әкелу мүмкіндігін есте ұстаған жөн.
Естеріңізге сала кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Сізді саналы болуға және барлық сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Көпшілік жиналатын орындарға бармауыңызды, бұқаралық іс-шаралар өткізбеуіңізді сұраймыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Қарағанды облысының аймақтық штабының Жедел әрекет ету орталығы.