Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың назарына

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы №439 Жарлығына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға шарттық негізде баспа алаңын ұсынады.

«Saryarqa aqparat» ЖШС облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінде баспа алаңының 1 шаршы см құны журналистік жолақта қосымша құн салығын қосқанда 230 теңгені құрайтынын хабарлайды.

Газет алаңын беру депутаттыққа кандидатқа баспа үгіт материалдарын журналистік жолақтарда орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс екенін еске саламыз.

Басқа материалдар

Back to top button