13 тамызда «Ақсу-Аюлы-Ақадыр» тасжолында жол апаты болды: салдарынан 2 адам қаза тапты

Облыста өткен тәулікте үш жол-көлік апатынан төрт адам қаза тапты.

13 тамызда «Ақсу-Аюлы-Ақадыр» тасжолында жол апаты болды: салдарынан 2 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз

«13 тамыз күні түнгі сағат 01.30 шамасында, «Ақсу-Аюлы-Ақадыр» тасжолында Ақадыр кентінен 30 шақырым жерде 20 жастағы «БМВ» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша Ақадыр кентіне бара жатып, рөлге ие бола алмай қалып, аударылған.

Оқиға салдарынан көліктегі екі жолаушы оқиға орынында қаза тапты», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Өз тілшімізден.