АймақШахтинск

843 құқықбұзушылық анықталды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде тұрақты негізде рейдтер өтуде. Шахтинск қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау бойынша 1000-нан астам рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Аталған іс-шаралар барысында жыл басынан бері 843 абаттандыру және заңсыз қоқыс тастау бойынша  құқықбұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар әртүрлі нысандағы мекеме басшыларына өзіне тиесілі аумақты абаттандыру бойынша 100-ге жуық нұсқама берілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Видео: облыстық ПД

Басқа материалдар

Back to top button