Ресми

Ұлттық қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша доллармен төленбек

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша шотта бала 18 жасқа толғаннан кейін 5-10 жыл сақталады. Сондай-ақ, ұлттық қордың инвестициялық табысынан жиналған ақша доллармен төленбек. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Ол 18 жасқа толған балалардың шотындағы ақшаны доллармен төлеу ұсынылып отырғанын айтты.

– Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 5-10 жыл сақталады. Осы аралықта ақша қажет болмаса, оны зейнетақы шотына аудару ұсынылып отыр, – деді Дәурен Темірбеков сенатта өткен отырыста.

Сондай-ақ, оның айтуынша, егер 18 жасқа дейінгі бала шетелге көшіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың ақшасын ала алмайды. Оның қаржысы басқа балалар арасында бөлінеді.

Ал, егер азаматтығын өзгертпей, шетелге кетсе, төлем алу құқығы сақталады.

Сонымен қатар, азаматтық заңнамаға сәйкес, жиналған қаражатты мұраға беру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ал бала іс-әрекетке қабілетсіз болса, ата-аналарға, қамқоршыларға заңнамаға сәйкес қаржыны пайдалану құқығы беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық қор табысының 50%-ын балалардың есепшотына аударуды ұсынған еді. Сонымен қатар, қаржы балалардың есепшотына қалай аударылатынын, Ұлттық қордан бөлінетін дивиденттерді кімдер ала алмайтынын да жазған болатынбыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button