Бас тақырыпРесми
8 мамырдағы жұмыс күні сенбідегі демалыс күніне ауыстырылды
Мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты 4 мамыр – жұмыс күні болып бекітілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті бұйрықты жариялады.
– Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырылады, – делінген құжатта.
Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024 жылдың 7, 8 және 9 мамыры демалады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.
4 мамыр жұмыс күні болады.
Сонымен қатар, 1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА