Мемлекетке опасыздық жасаған Шайхутдинов 7 жылға сотталды

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов сотталды.

 «2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл құпия жүргізілген тергеудің жай-жапсарын Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Мәліметтер бойынша оған қатысты тергеу әлдеқашан аяқталған. Ал, Астана қаласының ауданаралық соты Марат Шайхутдиновты мемлекеттік құпияларды жария ету, опасыздық және тыңшылық жасау фактілері бойынша кінәлі деп танылды.