Жаңалықтар

Ел қоржынына екінші алтын түсті

Еркін күрестен Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына Камиль Куруглиев екінші алтын медаль әкелді, деп хабарлайды Ortalyq.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Камил 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол финалға шығу түркиялық Ибрагим Бенеклиді (7:0), үндістандық Сахил Джагланды (5:3) және америкалық Максвелл Макэнеллиді (12:2) жеңген болатын.

Алтын медаль үшін белдесуде Куруглиев венгриялық Муса Арсункаевты 11:0 есебімен жеңді.

Еске салайық, бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта алтын медальді қазақстандық Дарын Әскербек жеңіп алған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button