Облыс әкіміРесми

Жеңіс Қасымбек ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмысын сынға алды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ұялы байланыс пен интернеттің сапасына наразылығын білдірді. Ол ұялы байланыс операторларының жұмысын сынға алды. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары мен студенттердің көпшілігі қашықтан оқитынын ескерсек, бұл мәселе ерекше өзекті болып отыр. Барлық мектептерде интернет жылдамдығына мониторинг жүргізілді.

Онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі  талқыланды.

– Интернеттің әлсіздігіне байланысты қашықтан оқыту сапасына қатысты көптеген шағымдар бар. Барлық операторларға шағымдар көп келіп түсуде, – деді Жеңіс Қасымбек. – Көптеген елді мекендерде сапалы қолжетімді интернет жоқ. Қарағанды айналасындағы айналма жолда байланыс тұрақсыз, шалғай ауылдар туралы не айтуға болады! Мен жиі іссапарларға барамын, жағдайды көремін.

Облыс әкімі жұмысты күшейтуді талап етті. Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қатаңдық таныту керек, деп есептейді ол. Тіпті қалаларда әлі де сапалы интернет таралмайтын “соқыр аймақтар” бар, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Облыста жыл соңына дейін облыстың 21 ауылдық елді мекенінде кең жолақты мобильді интернет өткізу жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button