Балқашта орталық аурухананың жаңа инфекциялық корпусы ашылады
Балқашта бұрынғы туберкулёзге қарсы диспансердің ғимараты жөнделуде. Қайта құру жұмыстарынан кейін орталық аурухананың жаңа жұқпалы аурулар корпусы ашылады.
Қала әкімі Ораз Тәуірбеков нысанның жұмыс барысын тексерді. Ғимараттың барлық ішкі үй-жайларын бөлшектеу, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Микробактерияларға сынамалар алынып, олар теріс нәтижелер көрсетті. Құрылысшылар терезе жақтаулары мен есіктер орнатады. Жылыту, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін, электр сымдарын толығымен ауыстыру қажет.
4 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу тамыз айында басталып, оны желтоқсанда аяқтау жоспарлануда.
Жаңа инфекциялық корпус 100 төсекке есептелген. Инфекциялық аурулары бар науқастарға операция жүргізуге арналған блок құру көзделген. Сондай-ақ, жұқпалы патологиясы бар жүкті әйелдерде босануға болады.
Бұрынғы тубдиспансердің ғимараты өткен жылдан бері бос тұр. Бұрын бұл облыстық туберкулёзге қарсы диспансердің бөлімшесі болатын. Қазір Балқаштан келген науқастар Қарағандыға стационарлық емделуге жіберілуде. Бірнеше ай бойы ғимарат коронавирустық инфекциясы бар науқастар үшін уақытша аурухана ретінде пайдаланылды.
Балқаш әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты.