Жаңалықтар

«Saryarqa aqparat» ЖШС директорының орынбасары тағайындалды

«Saryarqa aqparat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры орынбасарлығына Нұрлан Қалиақпарұлы ӘБІЛДИН тағайындалды. Ол осыған дейін Қарағанды универститеті филология факультетінің журналистика бөлімінде аға оқытушы қызметін атқарған.

Ал, директордың бұрынғы орынбасары Қали Нұржанұлы Аубакиров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды. «Saryarqa aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахметов Қали Нұржанұлына атқарған абыройлы еңбегі үшін алғыс айтып, Нұрлан Қалиақпарұлының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Нұрлан Қалиақпарұлы Әбілдин – 1975 жылы 5 маусымда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

1997-2003 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2003-2005 жылдары облыстық «SARYARQA» арнасында тілші-редактор, жаңалықтар қызметінің аға редакторы;

2008-2011 жылдары «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының ақпараттық-сараптама дирекциясында Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы тілші-редакторы;

2011-2018 жылдары «Жаңа Арна Медиа Групп» ЖШС Бас директоры;

2018-2019 жылдары «ДИДАР» телеарнасының бас продюссеры;

2019 жылдан осы қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды универститеті филология факультетінің журналистика бөлімінде аға оқытушы болып жемісті еңбек еткен.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Көптеген арнайы репортаж бен деректі фильмдердің авторы.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button