Ресми

Жақсылармен жүздесу

Мемлекетіміз өзіндік ұлы тарихи жолымен даму үстінде. Егеменді еліміздің дара жолындағы келесі кезеңінің қарқынды дамуы үшін Nur Otan партиясы бірқатар саяси бағдарламалар қабылдады.

Партия жұмысын «қайта жандандыруды» көздеу мақсатында және тың идеяларға толы, нәтижелі, сапалы құрамды сайлауалды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған алғашқы республикалық партияішілік сайлау форматында өткен праймеризге 10 мыңнан астам кандидат қатысы. Сол саяси додадан іріктелген құрамда Қарағанды қаласының тыныс тіршілігіне, әлеуметтік-рухани өміріне етене араласып жүрген тұлғалар бар. Соның бірі – Nur Otan партиясы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат, Балалар мен жеткіншектер сарайының басшысы Шариза Алтынбекова кезекті канвассинг кездесуін Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізді. Адамзат үшін рухани азық қана емес, бүгінде адамзатты тарихи белестер қойнауынан керуенін сүріндірмей әкеле жатқан қасиетті мекеме көп игі істерді халыққа тікелей жеткізуші алтын көпір іспеттес. Ел тәуелсіздігін нығайтып, Қазақстанның өркениет жолымен дамуына еселі еңбек сіңірген тұлғалар Қарағанды өңірінде аз емес. Солардың бірі және бірегейі ретінде ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісі мен «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері, қарымды қаламгер Аман Жағдаұлы Жанғожин және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Дина Аманжоловамен сайлауалды кездесу ұйымдастырды. Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Ш.Алтынбекова сайлаушылармен кездесу барысында өз өмірдерегімен және сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Ұлытау ауданы тумасы, бүгінде Қарағандының қазыналы білім мен тәрбие ордасын басқарып отырған үміткер білім беру саласында еңбек жолын балабақша тәрбиешісінен бастап, кіші ғылыми қызметкер, қосымша білім беру ұстазы, әдіскер, бөлім меңгерушісі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінен өтіп Балалар мен жеткіншектер сарайының басшысы қызметін атқарып келе жатқанын айтты.

Балалар мен жеткіншектер сарайы 2012 жылдан бастап, Қарағанды қалалық білім бөлімінің жылдық рейтингісін бағалау бойынша жыл сайын берілетін «Ең үздік қосымша білім беру мекемесі» дипломымен марапатталған. Республика бойынша өткен «Білім ұясы» байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы. Басшы ретінде білім беру сапасын талапқа сай көтеру және қызметкерлердің шығармашылық деңгейінің артуына жағдай жасауға назар аударып, әдістемелік және ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дамуына баса мән береді. Сонымен қатар, аттестациялық және сараптамалық комиссия барысында білім беру үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтуды жаңашаландыруға баса назар аударады.Ұстаздарға инклюзивті білім мен тәрбие беру және педагогикалық форумдар мен конференцияларға қатысуына бағыт-бағдар сілтейді. Қалалық, облыстық, республикалық семинар, мастер-класс пен түрлі байқаудың тиімді және сапалы ұйымдастырылуына басшылық жасай отырып, білім беру бағдарламалары мен жобалар дайындауға педагогтар үшін көмек ұйымдастырады. Қаламыздағы еріктілермен бірге экологиялық ахуалды көтеруге де белсене атсалысады. Әлеуметтік серіктестік ретінде республика көлеміндегі әлеуметтік педагогикалық ұжымдарымен етене жұмыс атқарады.

Шариза Алтынбекова сайлаушылар алдында өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті: тұрғындар арасында әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсету; •педагогтар қоғамдастығының құқығын қорғау; білім беру мен қосымша білім беру жүйесін дамыту және нығайтуға байланысты туындаған мәселелерді шешуге қатысу; инклюзивті білім беру мен экологиялық тәрбие мәселелері бойынша шешім қабылдауды қамту; балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, кәсіби бағдарын ерте анықтауға және кәсіптік бағдарлауға көмектесу үшін баланың рухани және әлеуметтік жеке дамуының рөлін көтеру.

Үміткер өз сөзінде «Қазіргі жаҺандану заманында, әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістердің куәгерлері мен қатысушылары болып отырғанымыз белгілі. Бірақ, мұнда адам тұлғасының екі маңызды құраушысы өзгеріссіз қалады, бұл – рухани және адамгершілік құндылықтар. Себебі, рухани және адамгершілік құндылықтарды ұғыну мен қабылдау қоғамдық өмірдің іргетасы болып табылады. Бүгінде өкінішке қарай, біз балалар мен жастар ортасында теріс қылық, агрессиялық, шыдамсыздық сияқты теріс мінездерді көп көреміз. Қалыптасқан жағдайдың өзіндік себептері: жас ұрпақ үшін айқын оң өмірлік бағдарлардың жоқтығы, балалар мен жастар арасындағы мәдени-көңіл көтеру қызметтерінің аздығы, отбасылық құндылықтар дағдарысы және тағы басқалары. Жаңа идея, жаңа серпіліс, жаңа нәтижеге қол жеткізуге бүгінгі уақыт дұрыс таңдау жасауға байланысты және мен оған сенімдімін!» – деді.

Кездесу барысында, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Аман Жанғожин кандидат Ш.Алтынбекованың көтеріп отырған мәселелері көңілге қонымды екенін, оны құптайтындығын атап өтті. Иә, ардагер журналист еңбек еткен жылдары облыс көлемінде қаншама маңызды мәселелер туындады. Мысалы, Қарағанды облысының энциклопедиясын құрастырудың да оңай болмағаны, шынайы деректердің тапшылығы, бар деректерді топтастырудың өзі де қиындық тудырғанын атап өтті. Кейінгі шыққан Қарағанды жайлы энциклопедияларда Аман Жанғожин ағамыздың еңбегі ерекше.

Еңбек ардагері А.Жанғожин – «Боздақтар» энциклопедиясының құрастырушысы. Теміртау қаласы мен Елбасы мұражайының қалыптасу тарихына да журналистік зерттеулері назарға алынып, Қарағанды өлкесінің тарих беттерінде дұрыс айшықталуына өз үлесін қосқан қарымды қаламгер. Балалар мен жеткіншектер сарайында шахмат үйірмесінің жүргізілуіне, қалыптасуына да өзінің еңбегін сіңіріп, бірнеше жыл үйірмеге жетекшілік атқарған. Ел ағасы қазіргі күні ардагерлерге арнап шахмат орталығы секілді дербес орталық болса екен деген орынды ұсынысын білдірді.

Сөз кезегін алған, кітапхана жетекшісі Дина Аманжолқызы да кандидат Ш.Алтынбекованың сайлауалды бағдарламасын құптап, қоғамда орын алып отырған келелі мәселелер төңірегінде біраз ой толғады. Әсіресе, қазіргі уақытта назарда болатын басты мәселе – жастар проблемасы екеніне тоқталды. Кітапханаға арналған жаңа ғимараттар ашылып, онда балалардың шығармашылық өнерін ұштайтын Жастар орталықтары қалыптастырса деген тілегін білдірді.

Парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасында өткен жүздесу өте тартымды өтті. Nur Otan партиясынан қалалық мәслихатқа үміткер Шариза Алтынбекова азаматтарды партияға дауыс беруге шақыра келіп: Nur Otan партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің мақсат – Қарағанды қаласының тұрғындарының сенімін ақтау. Мемлекетіміздің әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз», – деді.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының Қарағанды облысы

Қарағанды қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button