Ресми

Студенттердің стипендиясы көбейді

ЖОО-да студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес университет студенттерінің шәкіртақысы 36 мың теңгеге көбейді.

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық.

Интерндерге 66 мың теңге, магистранттарға 87 мың теңгедей төленеді.

Ал докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 мың теңге болатын.

Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

Басқа материалдар

Back to top button