Ресми

Елдің жауапкершілігі жоғары

Қарағанды қаласының Майқұдық бөлігіндегі 12 ықшамауданын жартылай қамтыған №139,140 сайлау учаскелері Жамбыл атындағы №7 мектеп-гимназиясында орналасқан. Халық ағылып келіп жатыр. Барлық карантин талаптары сақталған. Әр тұрғын тұрғылықты мекен-жайы бойынша келіп, қолын қойып, бюлетень алып, таңдауын жасап, арнайы жәшікке салып жатыр.

– Мен өз дауысымды бердім. Бұл – Конституциялық құқығым. Сайлауда көп дауыс жинаған партия үмітімізді ақтап, елдің мұң-мұқтажын ескеріп, қоян-қолтық жұмыс жасаймыз деп сенемін, – дейді Григорий есімді қала тұрғыны.

Жалпы, жұртшылықтың сайлауға деген көзқарасы – жоғары, ойлары – түзу. Көңіл-күйлері – көтеріңкі. Әрқайсысы бұл науқанға жауапкершілікпен қарап, басқа жұмыстарын тастап, келіп жатыр.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button