Ресми

Жастарды қолдау – маңызды

Қарағанды қаласында жастарды қолдау жұмыстары айтарлықтай жүргізілуде. Бұл игілікті істерге Nur Otan партиясы да атсалысуда. Ол үшін жеті бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламаның бір бағыты «Жастарға арналған қала» деп аталған. Бұл туралы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ержан Нұрмағанбетов әлеуметтік желі арқылы жастармен өткен онлайнкездесуде тоқталып өтті.

Кездесудің басында Қарағанды қаласында 100 мыңнан астам жас тұратыны немесе тұрғындардың жалпы санының 20%-ын құрайтыны сөз болды.

– Жастардың табысты болуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Nur Otan партиясы мен оның Jas Otan жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай партияның алдында мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өз-өздерін дамытуға жағдай жасау міндеті тұр. Бұл партияның сайлауалды бағдарламасында жоспарланған, – дейді Ержан Нұрмағанбетов.

Сонымен қатар, жастарды қолдауға арналған іс-шаралар туралы айтылды. Мысалы, 2025 жылға қарай 10 мыңға жуық жасты жұмысқа орналастыру көзделген (жыл сайын 2 мыңға жуық), бұл жастар жұмыссыздығының денгейін 5,4%- дан 5,2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек. Қаладағы дене шынықтыру және спортпен айналысатын жастарды қамтуды 23,9%-дан 28%-ға дейін ұлғайту да маңызды. Алдағы уақытта жаңа орталықта Жастар Арбатын ашуда бағдарламада нақтыланғаны сөз болды.

Кездесу соңында, қаланың мәдени өмірі, атап айтқанда жастар үшін жаңашылдық, жас қәсіпкерлерді қолдау мәселелері бойынша бірқатар сұрақтар қойылды, партия алдында жастардың мәдени дамуы ерекше орын алатыны, жастар демалатын саябақтар абаттандырылатаны, жас кәсіпкерлерге жыл сайын несие мен гранттардың бөлінетіні айтылды.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының Қарағанды облысы

Қарағанды қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button