Жаңалықтар

Туған жерге тарту

Осыдан жиырма жыл бұрын Жәйрем кентіндегі №10, 30 мектептерді тәмамдаған түлектер туған жерге тарту жасады. Бірліктің ерен үлгісін танытқан құрдастар кенттегі саябақтың кіреберісіне ақбөкеннің мүсінін орнатты.

 

Жерлестер бөкеннің мүсінін текке таңдап алған жоқ. Бұл өңірге кен барлауға алғаш рет табан тіреген геологтар үйір-үйір киік көргенін жазған екен. 1972 жылы құрылған кент атауының да осы жануарға қатысы бар.

Соңғы жылдары саябақты көріктендіру жұмыстары ауқыммен қолға алынуда. Жиі-жиі сенбіліктер ұйымдастыратын кент тұрғындары саябақ тазалығына баса мән береді. Жайлы сәкілермен жабдықталған. Саябақтағы «Ұмай ана» мүсіні жергілікті жұрт пен қонақтар арнайы келіп, суретке түсетін орынға айналған. Келешекте мұнда отбасы құндылықтарын насихаттайтын мүсіндер композициясы орнатылады деп күтілуде. Сондай-ақ, спорт және балалар ойын алаңдары ашылып, тротуарлар төселмек.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button