Ресми

Құрметті жерлестер!

Күрделі оқиғаларға толы болған 2020 жыл аяқталып келеді.  Жыл бо­йына біз көп жұмыс жасадық. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беріп, панде­миямен күрестік.

Бұл жыл барлығымыз үшін күрделі сынақтарға толы болды. Дегенмен, коронавирус пандемиясының нәтижесінде туындаған мәселелерге қарамастан біз жоспарлаған іс-шараларды ойдағыдай жүзеге асыра алдық. Сондай-ақ әлеуметтік сала мен еңбек нарығында елеулі қиындықтардың орын алуына, инфекцияның жаппай таралуына жол берген жоқпыз. Бұл мақсатта экономиканы, шағын бизнесті қолдауда қажетті барлық шаралар қабылданды. Сонымен қатар, біз ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды толық көлемде жүзеге асыруды одан әрі жалғастырдық.

2020 жылы облыс картасында жаңа кәсіпорындар мен мектептер, ауруханалар, жолдар және тұрғын үйлер, мәдениет нысандары мен спорт кешендері пайда болды.

Бүгінде біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Біздің қоғамымыз орын алған қиындықтарға төтеп беріп, біріге түсті. Біздің ендігі міндетіміз экономиканы және өміріміздің барлық салаларын барынша жылдам қалпына келтіру, сондай-ақ бұрынғы өсу қарқынына оралу болмақ.

Құрметті достар!

Сіздерді және жақындары­ңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жү­ректен құттықтаймыз! Алдағы 2021 жыл барлығымызға тек жақсы­лық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қолға алған жұмыстарыңызға табыс тілейміз! Келе жатқан жыл жақсы оқиғаларға толы болсын! Еліміз өркендеп, гүлдене берсін!

Ж.Қасымбек,

Қарағанды облысының әкімі.

С.Өтешов,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button