Асылбек Дүйсебаев интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді

«Ашық диалог» порталында 30 қыркүйекте сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевпен интернет-конференция өтеді. Онлайн-кездесудің тақырыбы — «Қарағанды облысында құрылыс саласын дамыту туралы».

Сұрақ қою үшін dialog.egov.kz порталында тіркелу қажет.

«Ашық диалог» ҚР «Ашық үкімет» құрауыштарының бірі болып табылады және мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнатуға арналған алаң.