Спорт

Ауыр атлетиканың жағдайы ауыр ма?

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қызметіне қатысты жалғасып жатқан тергеуде жемқорлық фактілері анықталса, ауыр атлетика Олимпиада ойындары бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін.

Федерацияның соңғы екі сайлау уақытында сайлаушыларға пара бергені анықталған. Сондай-ақ, 10 млн. доллар жымқырып, оң нәтижеге қол жеткізу үшін 40 допинг сынамасын жасатыпты. 121 беттен тұратын баяндамада IWF-тегі сыбайлас жемқорлық кең ауқымда сипатталған. Құжаттағы мәлімет бойынша, IWF есепшотынан қомақты қаржы халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Тамаш Аянның жеке есепшотына аударылып отырған. Ал, ол өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.

«Біз қазір IWF-тің жаңа басшылығына федерацияны реформалауды, сондай-ақ допингке қарсы жүйені федерациядан тәуелсіз ету әрекетін толығымен қолдаймыз. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Токиода өтетін Олимпиада ойындарына аккредитация берілмейді» – деді халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button