Ресми

ҚР Бас прокуратурасы: «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарын бұзудың 2 фактісі расталды

Бас прокуратура Конституцияға сәйкес дауыс беру күні де, бүкіл сайлау науқаны кезінде де заңдылықты қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сайлау күні өткен брифингте Бас прокурордың аға көмекшісі хабарлады. Азамат Саргазиннің айтуынша, заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау басымдыққа ие.

«Бүгінде барлық сайлау процесіне қатысушылардың заңнама талаптары мен азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау мәселелері прокуратура органдары үшін жұмыстың басты басымдығы болып табылады. Бұзушылықтар туралы келіп түскен әрбір хабарлама мұқият тексеруден өткізілуде. Қазіргі уақытта «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарын бұзудың 2 фактісі расталды. Бұл сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салынған кезеңде жүргізу және дауыс беру нәтижелерін Интернет желісінде жариялау. Бірінші дерек – Алматы қаласының тұрғыны Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағы, дауыс беру күні өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында партиялардың біріне үгіт-насихат жүргізетін пост жариялады. ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша жауапқа тарту үшін оның орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Екінші жағдайда – елорда тұрғыны өзінің «Телеграм» мессенджеріндегі арнасында сайлау учаскелерінің бірі бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялады. Бұл факт тексеріледі. Құқықтық баға беріледі», – деді спикер.

Басқа материалдар

Back to top button