Қазақстан қалаларында жедел жәрдем сall-орталықтардың нөмірлері жаңартылды
Жедел жәрдем қызметіне 103 нөмірі бойынша қоңырау шалу барысында қиындықтарға тап болған қазақстандықтарға балама ұсынылады.
Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан қалаларындағы жедел медициналық жәрдемнің сall-орталықтарының телефон нөмірлерінің тізімін жариялады.
Қарағанды облысының сall-орталығының нөмірі – (8-7212) 56-60-10.
«Соңғы аптада азаматтардың 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалуы жиілеуіне байланысты қиындықтар туындады. Сонымен қатар, бірқатар өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары жедел жәрдем қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайлары туралы хабарлады. Сондықтан Қазақстан қалаларындағы жедел медициналық жәрдем сall-орталықтарының нөмірлері жарияланды», – делінген хабарламада.