Ресми

Болашақ бүгіннен басталады

Қарағанды қаласындағы №63 сайлау учаскесі белгіленген  уақытында ашылды. Сайлаушылардың негізгі дені  – орта жастағылар. Дегенмен, сайлауға алғаш дауыс беруге келген 18 жасқа толған 4 сайлаушыға сайлау учаскесі кітап сыйға тартты. Бұл учаскеге тіркелген  1980 сайлаушының сағат 15.00-ге дейін  1024 –і  дауыс берді. Сайлау учаскесінің төрағасы Серікбол Шатиновтің айтуынша, қаланың ортасында орналасқан бұрыннан келе жатқан сайлаушылар – белсенді.

– Сайлаушылардың басым бөлігі сағат 10-наан аса келе бастады. Жалпы, сайлау барысы жақсы. Қазіргі таңда 60 пайызға жуық сайлаушылар дауыс берді. Кешкі сағат 20:00-ге дейін біршама уақыт бар. Болжам жасасақ, біздің учаскедегі сайлаушылардың 85 пайызы қалыс қалмайды деген сенімдеміз.

Бұл сайлаудың қазіргі қоғамдағы аухалға байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Оның талаптарын толық ұстанып отырмыз. Қорғаныш, сақтық шараларына қажетті барлық құралдар жеткілікті, – деді Серікбол Тұрсынұлы.

Өз таңдауын жасаған сайлаушы Қарағанды қаласының  тұрғыны Алмаз Ерсайынұлы «Елдің болашағына немкетті қарауға болмайды. Менің дауысымы ештеңе шешпейді» деген кереғар пікірден аулақтайтын кез келді» дейді.

– Мен өз дауысымды елдің ертеңіне ықпал етеді деген партияға бердім. Бес партияның бағдарламасымен толық таныспын. Соның ішінде, шынымен, елге қызмет жасайтын үміткерге дауыс бердім. Бүгінде «Менің дааусым ештеңе шешпейді» деген бұрынғы, ескі ұстанымнан қашу керек. Өзгерісті өзіміз жасамасақ, ешкім бізге жасап бермейді. Болашақ бүгіннен басталады, – дейді Алмаз Ерсайынұлы.

Басқа материалдар

Back to top button