Балқаш қаласында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды. Бұл туралы ұйымдастырушылар хабарлады.
Енді, балқаштықтар бұрынғысынша әр аптаның сенбі күні өтетін жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып алады. Бүгінде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндіріліп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алты айдан кейін жалғасын тапқан жәрмеңкеде жас ет, жеміс-жидек, көкөніс және сүт өнімдері сатылымда болады. Сондай-ақ, жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындарына сапалы әрі экологиялық таза азық-түліктер базар нарқынан 10-15 пайызға арзан бағада ұсынылады.
Өз тілшімізден.
БАЛҚАШ қаласы.