Жаңалықтар

Халық сенімінің айнасы

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігінің айнасы. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – халыққа адал қызмет ету. Қоғам мен мемлекет тарапынан зор сенім, асқан жауапкершілік артылатыны да мемлекеттік қызметшілер жұмысының маңыздылығын арттыра түседі.

Бүгінгі таңда халық тарапынан мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, қызметіне жіті бақылау жасалып, баса назар аударылуда. Мемлекеттік қызметші функционалдық міндеттерін мінсіз атқару арқылы халықтың сенімін арттырады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық қағидаттарын дұрыс жолға салу, теріс қылықтардың алдын алу жолында Әдеп жөніндегі кеңес пен Әдеп жөніндегі уәкілдер институтының ролі орасан зор. Облысымызда мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзушылығы, теріс қылықтарының орын алуы жыл санап азайып келеді. Бұл – таңдалған бағыттың дұрыс екендігінің дәлелі.

Жаһандану жағдайындағы жаңа заманда кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен адал қызмет етуді басты мақсат еткен мемлекеттік қызметшілер еңбегі тиісті бағасын алуы тиіс. Тәуелсіз елдің тірегі – талантты жастар өз болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстыруда. Осындай күш-жігері тасыған, талантты жастар қоғам тарапынан қолдауды сезінсе, қызметке деген, елімізді өркендету жолында еңбек етуге деген құштарлығы арта түсері анық. Халық пен билік арасындағы байланыс екіжақты болған жағдайда ғана елімізді ілгерілету жолындағы еңбек өз жемісін бермек.

Р.МҰСТАФИНА,

«Қарағанды облысының прокуратура ардагерлерінің ұйымы» ҚБ төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button